Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысында 102 арнасына 128 мыңнан астам азамат жүгінген

Павлодар облысында 102 арнасына 128 мыңнан астам азамат жүгінген, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Павлодар облысы полиция департаментінің жедел басқару орталығының жұмысы "ақылды полиция" тұжырымдамасын іске асырудағы маңызды қадамдардың бірі болып отыр. Орталықта заманауи цифрлық технологиялар азаматтардың қауіпсіздігі мен қоғамдық тыныштықты қамтамасыз етуге бағытталған.

Құқық қорғау органдары ахуалды тәулік бойы нақты уақыт режимінде бақылап, полицияның кешенді күштері мен кезекші жасақтардың жұмысын үйлестіреді, сондай-ақ жедел шешімдер қабылдайды.

Павлодар облысы полиция департаменті жедел басқару орталығы бастығының міндетін атқарушы Гомар Шабиденовтің айтуынша, тек соңғы бір тәуліктің өзінде 299 азамат полициядан көмек сұраған. Қоғамдық қауіпсіздікті бұзу деректері бойынша 550 құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылса, жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін 443 жүргізуші жауапқа тартылған.

Жедел басқару орталығының бейнебақылау камералары күн сайын жол қауіпсіздігіне қатысты түрлі құқық бұзушылықтарды тіркеп отырады. Атап айтқанда, көлік жүргізу барысында ұялы телефонмен сөйлескен, қауіпсіздік белдігін тақпаған жүргізушілер анықталып, оларға қатысты заңнамаға сәйкес әкімшілік шаралар қолданылған.

Ведомство өкілдерінің атап өтуінше, қауіпсіздік – тұрақтылық пен азаматтардың құқық қорғау органдарына деген сенімінің басты негізі. Цифрлық технологияларды кеңінен енгізу нәтижесінде өңірде құқықтық тәртіп пен қоғамдық бақылау жаңа деңгейге көтерілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру