Павлодар облысында 123 адам қорғау нұсқамасын бұзған
Павлодар облысында жыл басынан бері 123 адам қорғау нұсқамасын бұзған, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Павлодар облысында жыл басынан бері отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласында 1055 құқық бұзушылық тіркелді.
Жәбірленушілерді тұрмыстық зорлық-зомбылықтан қорғау мақсатында ішкі істер органдарына тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жеке алдын алу шараларын қолдану құқығы берілген. Мысалы, профилактикалық әңгіме, қорғау нұсқамасы, әкімшілік жаза, мінез-құлыққа ерекше талаптар белгілеу, ата-ана құқықтарынан айыру немесе шектеу. Жыл басынан бері отбасылық-тұрмыстық саласындағы құқық бұзушыларға қатысты 2034 қорғау ұйғарымы шығарылды, оларды бұзғаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 461-бабы бойынша 123 құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
– Отбасылық жанжалқорларға қатысты пәрменді шаралардың бірі – мінез-құлыққа ерекше талаптар белгілеу. Әкімшілік-құқықтық ықпал етудің бұл шарасын сот белгілейді және әкімшілік жаза қолданумен қатар, оның орнына әкімшілік құқық бұзушылық жасаған адамды әкімшілік жауаптылықтан босату кезінде де қолданылады. Бүгінгі таңда соттар 222 отбасылық жанжалқорға қатысты мінез-құлыққа ерекше талаптар қойды, – деді Павлодар облысы ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Қуаныш Мұстафинов.
Мәселен, Ақсу қаласының тұрғыны полицияға мас күйінде жанжал шығарған бірге тұратын адамға қатысты шара қабылдау туралы өтініш білдіріп, оның атына дөрекі сөз айтты. Осы факті бойынша учаскелік полиция инспекторы ер адамға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 73-бабы 2-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама жасады, өйткені қала тұрғыны бір жыл ішінде құқық бұзушылықты қайталап жасады. Сондай-ақ 30 тәулік мерзімге қорғау ұйғарымы шығарылды. Материал құқық бұзушыны жауапқа тарту үшін сотқа жіберіледі. Сонымен қатар полицейлер сотқа құқық бұзушыға қатысты ерекше талаптар қою туралы өтініш береді.