Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысында 150-ге жуық сотталған жылыжайда қызмет етеді

Павлодар облысында 150-ге жуық сотталған жылыжайда қызмет етеді, - деп хабарлайды Polisia.kz.

2023 жылы Павлодар облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті "GREEN-HOUSE QAZTOMAT" ЖШС және ҚР ІІМ ҚАЖК-нің "№47 мекеме" РММ арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Келісімнің негізгі мақсаты – сотталғандарды тұрақты жұмыспен қамту, еңбек ақысымен қамтамасыз ету, олардың әлеуметтік бейімделуіне жағдай жасау және сот шешімдерімен белгіленген міндеттемелерін орындауға мүмкіндік беру.

Ынтымақтастық нәтижесінде бүгінгі таңда жылыжай кешенінде 149 сотталған азамат еңбек етеді. Олар қызанақ пен қияр өсіру, көшет отырғызу және тұқым дайындау жұмыстарымен айналысады.

Мұндай жобалар сотталғандардың еңбек дағдыларын жетілдіруге, тәртіп пен жауапкершілік сезімін қалыптастыруға, сондай-ақ бостандыққа шыққаннан кейін қоғамға сәтті бейімделуіне ықпал етеді.

Бұл тәжірибе – қылмыстық-атқару жүйесінде еңбек терапиясын дамыту мен әлеуметтік оңалтудың тиімді үлгісі болып табылады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру