Павлодар облысында 200 литрден астам алкоголь тәркіленді
Ірі мөлшерде ешқандай тауар белгісі жоқ спирттік тауарды тиеп әкеле жатқан жүргізуші ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Май ауданының полицейлері «Audi-80» автокөлігін тоқтатты. 57 жасар жүргізушінің құжаттарын тексеру кезінде тәртіп сақшылары салоннан спирттің өткір иісін сезген.
Полиция қызметкерлері көліктен жапсырмалары мен акциздік маркалары жоқ 150 литр пластик шөлмек белгілі болды. Оның құрамында спирт бар мөлдір сұйықтық екені анықталды.
Сол күні полиция қызметкерлері «Иртыш» КП-де Ақтоғай ауданының 51 жастағы тұрғынының басқаруындағы «Ниссан-Гриз» маркалы автокөлігін тоқтатқан.
Автосалонды тексеру барысында, тәртіп сақшылары белгісіз және сертификатсыз 5 бөтелке алкоголь өнімін анықтады. Жүргізушіде тауардың құжатын да, түбіртегін де көрсете алмады. Барлық алкоголь заттары тәркіленді және сараптамаға жіберілді.
ҚР этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы заңнамасын бұзу фактілері бойынша ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 282 және 283-баптары бойынша әкімшілік іс қозғалды.
Тексерулер жүргізіліп жатыр.
Айта кету керек, жыл басынан бері алкогольді сату ережелерін бұзудың 88 фактісі анықталған.