Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысында 28 жүргізуші көлікті мас күйінде басқарғаны үшін ұсталды

Павлодар облысында 28 жүргізуші көлікті мас күйінде басқарғаны үшін ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Павлодар облысының аумағында “Қауіпсіз жол” айлығы жалғасуда. Іс-шара өткізілген жеті күн ішінде жол қозғалысы ережелерін бұзудың 3000-ға жуық фактісі анықталды.

– Құқық бұзушылықтың алдыңғы шебінде – қауіпсіздік белдігін елемеген жүргізушілер. Одан кейін – белгіленген қозғалыс жылдамдығын асырғандар. Бұл үштік тәртіпсіз жаяу жүргіншілермен аяқталады. Бұдан басқа, маневр жасау, басып озу ережелерін бұзған 135 автоәуесқой, көлік құралдарын жүргізу кезінде телефонды пайдаланған 125 жүргізуші, бағдаршамның тыйым салатын сигналына өткен 35 автоәуесқой және қарама-қарсы қозғалыс жолағына шыққан 5 жүргізуші анықталды. Апатты жағдай туғызғаны үшін 10 жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар, 28 жүргізуші көлікті мас күйінде басқарған, – деп хабарлайды Павлодар облысы ПД бастығының бірінші орынбасары Жасқайрат Қайыров.

23 шілдеде сағат 08.25-те Ақсу қаласында Астана-М.Әуезов көшелерінің қиылысында патрульдеу барысында Chevrolet көлігін басқарған 53 жастағы такси жүргізушісі ұсталды. Медициналық қорытындының нәтижесі бойынша жүргізуші мас күйінде болған.

Аталған факті бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы 3-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру