Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысында 362 кәмелетке толмаған жасөспірім түнде үйден тыс жерде болған

Павлодар облысында 362 кәмелетке толмаған жасөспірім түнде үйден тыс жерде болған, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Павлодар облысының полицейлері күн сайын рейдтік іс-шаралар жүргізіп, кәмелетке толмағандардың құқық бұзушылықтарын және оларға қатысты жасалған құқық бұзушылықтарды болдырмау мақсатында жұмыстар атқаруда.

- Жыл басынан бері ғана рейдтер нәтижесінде полиция қызметкерлері заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта тұрғын үйден тыс жерде жүрген 362 кәмелетке толмаған жасөспірімді анықтады. Ата-аналарына қатысты әкімшілік хаттамалар толтырылып, жасөспірімдермен профилактикалық әңгімелер жүргізілді, - деп хабарлайды Павлодар облысы полиция департаменті.

Мысалы облыс орталығында сағат 23:50-де кафелердің бірінде заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз екі кәмелетке толмаған бала болғаны анықталды. Сол күні кешке тағы екі жасөспірім ата-анасыз компьютерлік клубта түнеген. Ата-аналарға қатысты барлық фактілер бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды.

Полиция қызметкерлері кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде болуы үшін жауапкершілікті тек ата-аналар ғана емес, сондай-ақ мекеме иелері де көтеретінін ескертеді. Биылғы жылы осындай 18 мекеме иесі жауапқа тартылды.

Полицейлер рейдтердің тұрақты түрде жүргізілетінін және ата-аналарға балаларының уақытын бақылау қажеттілігін еске салады. Түнде көшеде жүру жасөспірімдер үшін қауіпті болуы мүмкін. Сондықтан балаларыңыздың сағат 22:00-ден кешіктірмей үйде болуын қамтамасыз етіп, қиындықтарды болдырмауға және айыппұлдан құтылуға мүмкіндік беріңіз!

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру