Павлодар облысында 500-ден астам құқық бұзушы жауапқа тартылды
Павлодар облысында 500-ден астам құқық бұзушы жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Тұрғылықты жері бойынша өткізілетін іс-шараның жеті күнінде тұрмыста құқық бұзушылық жасауға бейім 3385 адам тексерілді. 202 - қорғау ұйғарымы шығарылды, құқық бұзушының тәртібіне 80 - ерекше талап қойылды, алкоголь ішуге тыйым 76 - салынды және 515 - әкімшілік хаттама толтырылды.
- Мысалы, Тереңкөл ауданының Байқоңыр ауылында полицияға ауыл тұрғыны үйде жанжал шығарған жұбайына шара қолдану туралы өтініш білдірді, күйеуі арызданушының атына балағат сөздер айтып, қол көтеруге тырысқан. Отбасылық жанжалқойларға қатысты отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқыққа қайшы әрекеттері үшін әкімшілік материал толтырылып, қорғау ұйғарымы шығарылды және спирттік ішімдіктерді пайдалануға тыйым салу бойынша тәртібіне ерекше талаптар қойылды,- дейді Павлодар облысының полиция департаменті.
Полиция департаменті облыс аумағындағы "Тұрмыс" ЖПШ 2025 жылдың 29 қаңтарына дейін жалғасатынын еске салады.
"Заң және тәртіп" қағидаты ішкі істер органдарының азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және қоғамдық тәртіпті сақтауға бағытталған қызметінің негізі болып қала береді. Құқық бұзушылар өз әрекеттері үшін міндетті түрде жауап береді.