Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысында 67 жастағы ауыл тұрғыны үйінде жанжал шығарды

Павлодар облысында 67 жастағы ауыл тұрғыны үйінде жанжал шығарды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Павлодар ауданының полицейлері мен жергілікті атқарушы органдары «Отбасындағы зорлық-зомбылыққа жол жоқ» акциясы аясында өңір аумағында рейдтер ұйымдастырды.

– Акция аясында Павлодар ауданының Шақат ауылында 67 жастағы ауыл тұрғыны мас күйінде әйеліне жанжал шығарған отбасына бардық. Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарамастан, жұбайы күйеуін кешірді және өтініш жазудан бас тартты. Алайда бұл факт біздің назарымыздан қалмады. Біз құқықбұзушымен профилактикалық әңгіме жүргіздік, оған заңнаманы түсіндірдік, отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы бұзушылықтар үшін жауапкершілік туралы ескерттік, – деп хабарлады Павлодар ауданы әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының инспекторы Индира Жүсіпова.

Құқықтық тәртіп сақшылары отбасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында есепте тұрған адамдарға бақылау тексерістері жүргізіліп, олармен профилактикалық сипаттағы әңгімелер жүргізілгенін атап өтті. Мектептер мен ұйымдарда тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, дағдарыс жағдайында көмек көрсету бойынша түсіндіру жұмыстары мен семинарлар өткізілді.

Мысалы, Кемеңгер ауылы әкімдігінде құзырлы органдардың қатысуымен дөңгелек үстел өтті. Учаскелік полиция инспекторларымен бірлесіп, оларға қатысты қорғау нұсқамалары шығарылған және ерекше талаптар белгіленген адамдармен профилактикалық әңгімелер жүргізілді. Барлық қатысушыларға отбасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу және ескерту бойынша жадынамалар таратылды.

Айта кету керек, ағымдағы жылдың басынан бері павлодарлық полицейлер тұрмыс саласында құқыққа қайшы әрекеттер жасаған 2 227 тәртіп бұзушыны жазалады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру