Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысында 8 мыңнан астам жаяу жүргінші жазаланды

Павлодар облысында 8 мыңнан астам жаяу жүргінші жазаланды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жаяу жүргіншілер – жол қозғалысына қатысушы ең осал санаттардың бірі. Дегенмен олардың да жол қозғалысының толыққанды қатысушылары ретінде құқықтары ғана емес, міндеттері де бар екені белгілі. Ереже бұзған жағдайда жауапкершілікке тартылуы тиіс.

Полиция қызметкерлері күн сайын жаяу жүргіншілер жасаған құқық бұзушылықтарды анықтап отырады. Олардың арасында ең жиі кездесетіні – рұқсат етілмеген жерден жолды кесіп өту, тұрақтағы көліктер мен кедергілер арасынан жолға кенеттен шығып кету.

– Инспекторлар тоқтатқан жаяу жүргіншілердің көпшілігі өз ісіне өкініп, түрлі сылтау айтады. Уақыттың жетіспеушілігін немесе ауа райының қолайсыздығын алға тартады. Бірақ қандай себеп болса да, адамның өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін әрекет ақталмайды, – деп мәлімдеді Павлодар облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Полицейлер жаяу жүргіншілерге қауіпсіздік ережелерін сақтау қажеттігін тағы бір мәрте еске салды. Жолдан өту кезінде телефонды пайдаланбау, құлаққапты шешу сияқты қарапайым ережелер адамның өмірін сақтауға септігін тигізеді.

Көшеге шыққан сәттен бастап сіз жол қозғалысына қатысушыға айналасыз. Ережелерді сақтаңыз, себебі сіздің өміріңіз өз қолыңызда!

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру