Павлодар облысында 81 үй ауласынан тұрмыстық қоқыстарды жинау фактісі анықталды
Павлодар облысында 81 үй ауласынан тұрмыстық қоқыстарды жинау фактісі анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Рұқсат етілмеген қоқыс үйінділері фактілерінің жолын кесу, тұрмыстық және құрылыс қалдықтарын осы үшін бөлінген орындардан тыс жерде сақтау фактілеріне жол бермеу, сондай-ақ сұйық қалдықтарды төгу фактілеріне жол бермеу бойынша, осындай фактілердің алдын-алуға шаралар қабылдай отырып, павлодарлық полицейлер рейдтер жүргізеді.
– Рейдтерге жұртшылық өкілдері де қатысады. Сондай-ақ тұрмыстық қалдықтарды заңсыз тасымалдаушыларды анықтау бойынша іс-шаралар жүргізіліп жатыр, – дейді Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Мәселен, Павлодар қаласында қоғам қайраткері Болат Сүлейменов қатысқан бірлескен рейд жүргізу кезінде шығыс өнеркәсіп аймағы ауданында құрылыс қоқысымен топырақты заңсыз сақтау фактісі бойынша КАМаз көлігі анықталды. Жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 505-бабы (Қалалар мен елдi мекендердiң аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзу, сондай-ақ қалалар мен елді мекендер инфрақұрылымы объектілерін бұзу, жасыл екпелерін жою және бүлдіру) бойынша әкімшілік хаттама жасалып, 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.
Сол күні Кривенко көшесі, 81 үй ауласында тұрмыстық қоқыстарды жинау фактісі анықталды. ПКСК төрағасына қоқысты уақтылы шығармау фактісі бойынша ескерту жасалды.
– Профилактикалық іс-шара өткізілген екі күн ішінде қалалар мен елді мекендердің аумағын абаттандыру қағидаларын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке ҚР ӘҚБтК-нің 505-бабы (Қалалар мен елдi мекендердiң аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзу, сондай-ақ қалалар мен елді мекендер инфрақұрылымы объектілерін бұзу, жасыл екпелерін жою және бүлдіру) бойынша облыстың 25 тұрғыны тартылды, сондай-ақ жалпы пайдаланымдағы орындарды ластағаны үшін 9 азамат әкімшілік айыппұл салумен ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы (Ұсақ бұзақылық) бойынша жазаланды, – дейді полиция ведомствосы.
«Қоқыс» профилактикалық іс-шарасы 2023 жылғы 16 қазанға дейін жалғасады.