Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысында 900-ге жуық құқық бұзушылықтың жолы кесілді

Павлодар облысында 900-ге жуық құқық бұзушылықтың жолы кесілді, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Ертіс өңірінде Павлодар облысының полицейлері әкімшілік құқық бұзушылықтарды анықтап, олардың жолын кесті. Олардың қатарында ұсақ бұзақылық, тыныштықты бұзу, қоғамдық орындарда спирттік ішімдіктер ішу және тіркеусіз немесе құжатсыз тұру фактілері болды.

Сонымен қатар жедел-профилактикалық іс-шара барысында полицейлер көлік құралдары жүргізушілері мен жаяу жүргіншілердің жол ережесін бұзушылықтарын анықтап, оларды тоқтатып, әкімшілік жауапкершілікке тартты. Жолдардағы құқықтық тәртіпті сақтау мақсатында 115 жаяу жүргінші жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылды, ал мас күйінде көлік жүргізген 6 жүргізуші ұсталды.

Екібастұз қаласында М.Жүсіп - Б.Жырау көшелерінің қиылысында Hyundai Accent маркалы автокөлігі тоқтатылды. Тексеру барысында жүргізушінің бұрын жүргізу құқығынан айырылғаны анықталып, ол заңға қайшы әрекет жасап, қайтадан рульге отырған. Павлодар қаласында Минин көшесінде Mazda маркалы автокөлік тоқтатылды, жүргізушіден алкогольдің өткір иісі шықты. Оның медициналық куәландыруы алкогольдік масаңдықты көрсетті. Құқық бұзушыға қатысты әкімшілік іс қозғалып, сот шешімі күтілуде. Екі жағдайда да көлік құралдары айып тұрағына қойылды.

Профилактикалық іс-шара аясында полиция қызметкерлері іздеуде жүрген 6 адамды ұстады. Павлодар қалалық полиция басқармасының қабылдағыш-таратқышына 19 адам қамауға алынды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру