Павлодар облысында абаттандыру ережесін бұзған тұрғынға хаттама толтырылды
Павлодар облысында абаттандыру ережесін бұзған тұрғынға хаттама толтырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Павлодар облысында абаттандыру ережелерін бұзудың алдын алу және анықтау мақсатында полицейлер рейдтер жүргізеді. Полицияға азаматтардан, ПИК өкілдерінен де хабарламалар жиі келіп түседі.
– Мәселен, Солнечный кентінде Конституция көшесі бойында 32 жастағы ер адам пәтерде жөндеу жұмыстарын жүргізіп, ескі жиһаздан құтылмақ болған. Ер адам диванды көшеге шығарып, кіреберістің жанына лақтырып тастаған. Бұл бұзушылық туралы полицияға сол үйдің тұрғындары хабарлады. Учаскелік полиция инспекторы лақтырылған жиһаздың иесін анықтап, оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 505-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама жасады. Алдын алу әңгімесі жүргізілгеннен кейін кент тұрғыны керексіз етіп тастаған диванын алды, – деді Екібастұз қаласы ПБ бастығының бірінші орынбасары Төлеген Құдайбергенов.
Жыл басынан бері облыста абаттандыру ережелерін бұзғаны үшін барлығы 2268 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Полицейлер әрбір тұрғынның қолдауымен ғана өңірде тазалық пен тәртіпті сақтауға болатынын еске салады.