Павлодар облысында адам өлімімен аяқталған жол-көлік апаты болды
Павлодар облысында адам өлімімен аяқталған жол-көлік апаты болды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
23 наурызда сағат 22.50-де Омбы-Майқапшағай автожолында, Новоямышево ауылының маңында Toyota Camry автокөлігінің жүргізушісі Павлодар жағына қарай нашар көріну жағдайында жолды белгіленбеген жерден кесіп өткен 25 жастағы жаяу жүргіншіні қағып кетті. Жол апаты салдарынан жаяу жүргінші оқиға орнында көз жұмды.
Адам өмірін қиған тағы бір оқиға сол күні сағат 18.30-да Павлодар-Ленинский автожолында болды. Мұнда Lada Priora автокөлігінің 38 жастағы жүргізушісі боранның салдарынан рульді басқара алмай, соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасы салдарынан жүргізуші алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды. Сараптама тағайындалды.
Барлық фактілер бойынша тексерулер жүргізіледі.