Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысында әйел сотталғандар иттерге арналған жаңа үйшіктер жасады

Павлодар облысында әйел сотталғандар үйсіз жүрген иттерге арналған 8 жаңа үйшік жасады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Павлодар облысы бойынша ҚАЖ департаментінің АП-162/2 қауіпсіздігі барынша төмен мекемесіндегі сотталғандар үйсіз жүрген иттерге арналған сегіз жаңа үйшік жасады. Үйшіктерден басқа, әйел сотталғандар иттерге арналған киімдер тоқып және аяқ киімдер тікті.

– Павлодар қаласының жануарларды қорғау еріктілері жанурларға бей-жай қарамайтын азаматтардан үнемі көмек көрсетулеріне жүгінеді. Қазіргі уақытта шамамен 70 жануарлар иелеріне керек емес болғандықтан сотталғандарға жүгіндік, олар мұндай ерекше бұйрықты бұлжытпай орындады. Барлығы импровизацияланған құралдардан жасалған. Заттар мен үйшіктер баспанаға жеткізілді, – деді мекеме бастығының орынбасары Сұлтан Бакин.

Еріктілердің айтуынша, көптеген жануарлар бір кездері үйде болған және көше өміріне бейімделмеген, сондықтан олар үшін үйшіктер, киім және аяқ киім қажет.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру