Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысында айыппұл төлемеген жүргізушілердің 12 көлігі арнайы тұраққа қойылды

Павлодар облысында айыппұл төлемеген жүргізушілердің 12 көлігі арнайы тұраққа қойылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Павлодар облысының аумағында жазаның бұлтартпаушылық қағидатын қамтамасыз етуге, әкімшілік айыппұл төлемеушілерге шаралар қабылдауға бағытталған “Борышкер» жедел-профилактикалық іс-шарасы жалғасып жатыр.

– Осы кезеңде учаскелік полиция инспекторлары сот орындаушыларымен бірлесіп, тұрғылықты жері бойынша рейдтік іс-шаралар жүргізіп жатыр. «Қорғау» жүйесі бойынша 743 сәйкестік тіркелді, ал «Кибер-шериф» жүйесімен әкімшілік айыппұлдар бойынша борышкерлердің 267 сәйкестігі тіркелді, – дейді Павлодар облысы ПД бастығының бірінші орынбасары Жасқайрат Қайыров.

Егер өтелмеген әкімшілік айыппұлдар табылса, полицейлер көлік құралдарын толығымен қарызды өтемегенше айыппұл тұрағына қояды.
Мысалы Павлодар қаласында Daewoo nexia автокөлігі айыппұл тұрағына қойылды, оның иесінде 400 мың теңге сомасында төленбеген айыппұл болды.

Полицейлер ЖПШ барысында барлығы 24 миллион теңгеден астам қаражат өндірілгенін атап өтті. Арнайы айыппұл тұрақтарына 12 көлік қойылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру