Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысында әкімшілік айыппұлдарын төлемей жүрген жүргізуші анықталды

Павлодар облысында әкімшілік айыппұлдарын төлеуден жалтарып жүрген жүргізуші анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Екібастұз қаласының патрульдік полиция ротасының қызметкерлері “Кибер-Шериф” аппараттық-бағдарламалық кешенінің көмегімен 2016 жылдан бастап 243 846 теңге сомасына салынған 15 әкімшілік айыппұл бойынша төленбеген берешегі бар такси жүргізушісін анықтады, ол көбіне бағдаршамның тыйым салу сигналына өтіп, жылдамдық режимін бұзған.

Полицейлер автокөлікті мамандандырылған тұраққа қойып, жүргізушіге қарыздарды, әкімшілік айыппұлдарды уақытылы өтеу туралы түсіндірді.

Екібастұз қаласының жергілікті полиция қызметі бөлімі қоғамда құқық бұзушылықтарға “нөлдік төзімділік” қағидатын қамтамасыз ету, тиісті тіркеусіз, рұқсатсыз кәсіпкерлік немесе өзге де қызметпен айналысатындарды анықтау жөнінде қосымша шаралар қабылдау бойынша “Тасымалдаушы” ЖПІШ өткізу жоспары әзірленіп, бекітілді.

– Техникалық жай-күйі мен конструкциясы жол жүрісі қауіпсіздігінің белгіленген талаптарына сәйкес келмейтін заңсыз түрлендірілген көлік құралдарын (таксилерді) пайдалануға тыйым салу шаралары қабылданады. Сондай-ақ жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзушылықтардың жолын кесу жөніндегі жұмыс жандандырылады. “Тасымалдаушы” жедел-профилактикалық іс-шарасы осы жылдың 17 қазанына дейін жалғасады, – деп атап өтті Екібастұз қаласы ПБ жергілікті полиция қызметі бөлімшесі бастығының орынбасары Медет Бейсенов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру