Павлодар облысында алаяқтық 17%-ға төмендеді
Павлодар облысында алаяқтық 17%-ға төмендеді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
11 айдың қорытындысы бойынша Павлодар облысында 1 666 алаяқтық фактісі тіркелді, бұл өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 17%-ға төмен. Соның ішінде ақпараттық технологиялар саласында жасалған алаяқтық 18%-ға азайып, биыл 1 087 факті тіркелген.
– Жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында Павлодар қаласының 21 және 22 жастағы екі тұрғыны анықталып, ұсталды. Қылмыстың схемасы мынадай болды: Kolesa.kz сайтында көліктерді сату туралы хабарландырулар орналастырылған. Сендіру дағдыларына және автомобильдер туралы жақсы білімге ие бола отырып, қаскүнемдер үшін болашақ сатып алушыны 100% алдын ала төлемді жіберуге сендіру қиын болған жоқ. Мәміле аяқталғаннан кейін алаяқтар жәбірленушімен байланысқа шықпады, хабарландыру сайттан жойылды, – деп хабарлады Павлодар облысы ПД Криминалдық полиция басқармасының бастығы Балғабай Қапаров.
Алты ай ішінде күдіктілер Қазақстанның әр өңірінде ақпараттық технологиялар саласында 100-ге жуық алаяқтық фактісін жасаған.
Тінту кезінде заттай айғақтар – ноутбук, модемдер, банк карталары, ақшалай қаражат тәркіленіп, қылмыстық іске тіркелді. Қазіргі уақытта сот айыпталушыларды 3,6 жылға соттады.