Павлодар облысында алкогольді үйде заңсыз сатқан тұрғын анықталды
Павлодар облысында алкогольді үйде заңсыз сатқан тұрғын анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Павлодар қаласы Солтүстік полиция бөлімінің полицейлері алкоголь өнімін үйден тиісті құжаттарысыз сатып жүрген Ленин кентінің тұрғынын анықтады. Алкоголь өнімін сатуға рұқсаты жоқ және жеке кәсіпкер де емес. Кент тұрғынына қатысты Қазақстан Республикасы ӘҚБтК 463-бабының 1-бөлімі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Материал шешім қабылдау үшін сотқа жіберілді.
Айта кету керек, тәртіп сақшылары алкоголь заңнамасын бұзудың алдын алу бойынша тұрақты негізде жұмыс жүргізуде.
– Жыл басынан бері полиция қызметкерлері қоғамдық орындарында спирттік ішімдіктерді ішкені және мас күйінде болғаны үшін облыстың 6476 тұрғынын ұстады, барлық тәртіп бұзушылар ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды, – деп хабарлады Павлодар облысы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі.
Кешкі сағат 21.00-ден кейін алкоголь өнімдерін сататын дүкен сатушылары да “өкінішті” статистиканың өсуіне өз үлестерін қосуда.
Бүгінгі күні Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 200-бабында көзделгендей 124 дүкен иесі жазаға тартылды.
Алкоголь заңнамасын бұзғаны үшін жеті жеке кәсіпкер лицензиясынан айырылды, 118-де лицензияның күші тоқтатылды.