Павлодар облысында алкогольді заңсыз сатқан дүкен анықталды
Павлодар облысында алкогольді заңсыз сатқан дүкен анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ауыл тұрғыны аудан орталығындағы дүкендердің бірінде лицензиясыз алкоголь сату түріндегі заңсыз бизнес ұйымдастырған.
Аталған фактіні Тереңкөл полицейлері рейдтік іс-шаралар барысында анықтады.
– Сағат 13.00 шамасында Павлодар облысы Тереңкөл ауылының дүкендерінің біріндегі сатушы тиісті лицензиясыз 5 литрлік пластикалық бөтелкедегі алкоголь өнімін сатқан. Сатушы бұл әрекетімен алкоголь өнімдерін сатудың белгіленген ережелерін бұзған. Бұл дүкенде аталмыш сұйықтықтың бір литріне төленетін баға нарықтықтан әлдеқайда төмен екені белгілі болды. Аталған факті бойынша алкогольдік өнімнің түрін анықтау үшін сараптама тағайындалды және нәтижесі бойынша дүкен иесіне қатысты шешім қабылданады, – деп хабарлады жергілікті полиция қызметінің бастығы Берік Каткенов.