Павлодар облысында алкогольді заңсыз сатудың 50 дерегі анықталды
Павлодар облысында жыл басынан бері алкогольді заңсыз сатудың 50 дерегі анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz
Мас күйінде жасалған қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында Екібастұз полицейлері тұрақты негізде рейдтік және профилактикалық іс-шаралар жүргізеді. Осылайша, рейдтік іс-шараларды өткізу кезінде Екібастұз қаласы полиция басқармасының учаскелік инспекторлары Абай көшесіндегі дүкенде 21 жасқа толмаған тұлғаға алкоголь өнімін өткізу фактісін тоқтатты. Сатушы жас жігітке жасын тексермей, 0,5 литр көлеміндегі 1 бөтелке алкоголь өнімін сатқан.
Дүкен сатушысына қатысты алкоголь өнімін өткізу жөніндегі Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзғаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 200-бабы бойынша әкімшілік материал толтырылды.
21 жасқа дейінгі адамдарға алкоголь өнімін сатқаны үшін лицензияның қолданылуын тоқтата отырып, 10-нан 120 АЕК-ге дейін айыппұл қарастырылғанын атап өткен жөн. Жиналған материал сотқа жіберіледі. Осы дүкенге қатысты шағын аудан тұрғындарынан алкоголь өнімін сатудың бұзылуы бойынша бірнеше рет шағымдар түскен.
– Жыл басынан бастап Павлодар облысында алкогольді заңсыз сатудың 50 фактісі тоқтатылды, – деді Павлодар облысы ПД жергілікті полиция басқармасы бастығының орынбасары Азамат Күркебаев.