Павлодар облысында алкогольге қарсы заңнаманы бұзудың 60-тан астам дерегі анықталды
Павлодар облысында алкогольге қарсы заңнаманы бұзудың 60 тан астам дерегі анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Полиция алкогольге қарсы заңнама саласындағы бұзушылықтардың жолын кесуге бағытталған іс-шараларды үнемі өткізіп тұрады. Мысалы, Катаев және Айманов көшелеріндегі дүкендерде сатушылар екі жасөспірім мен 21 жасқа толмаған адамға алкоголь өнімдерін сатты. Дүкен иелері жауапқа тартылып, материал сотқа жіберілді.
"Заң және тәртіп" қағидаты ішкі істер органдарының азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін қолдауға бағытталған қызметінің негізі болып қала береді. Құқық бұзушылар өз әрекеттері үшін міндетті түрде жауап береді.
Айта кетейік, жыл басынан бері облыста алкогольге қарсы заңнаманы бұзудың 60-тан астам дерегі анықталды