Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысында ардагерлер мен жастар ұйымдарының өкілдерімен патриоттық тәрбие мәселелері талқыланды

Павлодар облысында ардагерлер мен жастар ұйымдарының өкілдерімен патриоттық тәрбие мәселелері талқыланды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Ішкі істер министрінің орынбасары Айдар Сайтпековтың төрағалығымен бейнеконференция форматында жұмыс кеңесі өтті. Онлайн режимде ұйымдастырылған кеңеске аумақтық полиция департаменттері мен қылмыстық-атқару жүйесі департаменттерінің, жоғары оқу орындарының кадр жұмысы жөніндегі басшылары және ардагерлер кеңесінің төрағалары қатысты.

Кеңес барысында ардагерлер кеңесінің жеке құрамды патриоттық рухта тәрбиелеудегі рөлі мен өзара іс-қимыл бағыттары қарастырылды. Сондай-ақ ардагерлер ұйымдарының қызметін ұйымдастырудың қорытындылары шығарылып, алдағы кезеңге нақты міндеттер белгіленді.

Жиында тарихи жадыны сақтау, жас буынға патриоттық тәрбие беру және ұрпақтар сабақтастығын нығайту мақсатында ардагерлер ұйымдары мен жастар құрылымдарының ынтымақтастығын кеңейту жолдары, бірлескен жобалар мен қолдау тетіктері сөз болды.

— Ардагерлер кеңесі ішкі істер органдарының бөлінбес бір бөлігі саналады. Өз тәжірибемізді жас мамандарға жеткізу, әрбір қызметкерге жеке көзқараспен қарау – бұл ұйымның жұмысын ерекшелендіріп қана қоймай, оның маңыздылығы мен қажеттілігін нақты дәлелдейді, – деді Павлодар облысы полиция департаменті бастығының орынбасары Жандос Орынбаев.

Кеңес соңында қатысушылар конструктивті диалогтың жаңа серпін беріп, ортақ міндеттерді тиімді шешуге, сондай-ақ барлық деңгейлерде өзара іс-қимыл мен жұмыстың тиімділігін арттыруға мүмкіндік беретініне сенім білдірді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру