Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысында ата-ана міндеттерін тиісінше орындамаған тұлғалар жауапқа тартылды

Павлодар облысында ата-ана міндеттерін тиісінше орындамаған тұлғалар жауапқа тартылды, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Жасөспірімдер қылмысының алдын алу және ескерту, оның ішінде кәмелетке толмағандар арасында тәуліктің кешкі және түнгі уақыттарында құқық бұзушылықтардың жолын кесу, кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтарды анықтау, олардың құқықтық сауаттылығын арттыру, сондай-ақ балаларға қатысты қылмыстық қол сұғушылықтардың алдын алу мақсатында 27 шілдеден бастап "Түнгі қаладағы балалар" жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіледі.

Кәмелетке толмағандардың үш заңды өкіліне қатысты кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу және (немесе) білім беру, құқықтарын және (немесе) мүдделерін қорғау жөніндегі міндеттерді, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі шараларды орындамағаны үшін ЖПІШ-ның алғашқы тәулігінде үш іс қозғалды.

Балаларды тәрбиелеу және күтіп-бағу жөніндегі ата-ана міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін заңды өкілге қатысты ата-ана құқықтарын шектеу туралы Павлодар облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына талап-арыз жіберілді.

— Балалардың құқықтарын қорғау заңнамалық, ұйымдастырушылық және практикалық шараларды қамтиды. Негізгі мақсат — балаларға толыққанды даму және бақытты балалық шақ мүмкіндігін беру. Бала құқықтары бұзылған жағдайда тиісті органдар мен ұйымдарға “102” нөмірі бойынша "Police 102" қосымшасы арқылы немесе @dp_pavlodar, @up ekibastuz директіне жүгіну қажет, — деп қосты полиция қызметкерлері.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру