Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысында ауыл тұрғыны полицейге пара ұсынған

Павлодар облысында ауыл тұрғыны полицейге пара ұсынған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ер адамның көлігі жол-көлік оқиғасы жөніндегі қылмыстық іс бойынша өтті. Тергеу барысында барлық қажетті сараптамаларды жүргізе отырып, Павлодар облысы ПД анықтау басқармасының анықтаушысы иесіне айыппұл тұрағынан автокөлікті алу тәртібін түсіндірді.

Ауыл тұрғыны кеткеннен кейін полиция қызметкері қағаздардың арасынан қолма-қол ақша тапқан, бұл туралы дереу «102» операторының пультіне хабарлаған.

– Кабинетте орнатылған бейнекамераны қарау барысында қызметтік кабинетте болған кезде анықтаушының қағаздар арасында ақшалай қаражат салғаны анықталды. Факт тіркелді. Материал Қазақстан Республикасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаментіне берілді, – дейді Павлодар облысы ПД бастығының орынбасары Рашад Өтеуов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру