Павлодар облысында автожолда жайылып жүрген жылқылардың иесі жауапқа тартылды
Павлодар облысында автожолда жайылып жүрген жылқылардың иесі жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Бүгінгі таңда автожолда жайылып жүрген мал өзекті мәселе болып қала береді, бұл адамдар зардап шегуі мүмкін апаттарға әкеліп жатады.
Полицейлер иесіз малды анықтау бойынша тұрақты негізде рейдтер жүргізеді, олардың иелері мал басын тиісті түрде жаюды қамтамасыз ету үшін қажетті шаралар қабылдамайды.
Мәселен, Павлодар – Шарбақты автожолының 25 шақырымында полиция қызметкерлері қараусыз жайылған жылқыларды тапты, олардың жанында бақташы болған жоқ.
– Сондай-ақ Атамекен – Русская поляна автожолының 38 шақырымында жылқылар жүрді. Иесіз мал айып тұрағына қамалды. Мал иелерін тәртіп сақшылары анықтады. Ауыл тұрғындарына қатысты әкімшілік хаттама толтырылды, – деп хабарлайды Павлодар облысының ПД.
Павлодар облысында жыл басынан бері 1630 мал иесі бақылаусыз жайылып жүрген мал үшін жазаланды.
Полицейлер ауыл шаруашылығы жануарларын өсірумен айналысатын азаматтарға малды сақтау бойынша қажетті шараларды қабылдау қажеттігін ескертеді.