Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысында азаматтар жолда көмек көрсеткен полицейлерге алғысын білдірді

Павлодар облысында азаматтар жолда көмек көрсеткен полицейлерге алғысын білдірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Күн сайын Павлодар облысы полиция департаментінің директіне өңірдегі полиция қызметкерлеріне алғыс айтылады. Облыстық полиция ведомствосының бастығы Василий Склярдың атына Қарағанды облысының тұрғындарынан кезекті алғыс келіп түсті.

– Біз Ульяновтар мен Потаповтар отбасымыз. Рөлде өзін нашар сезініп көлік жүргізген досымызға Павлодар – Қарағанды тас жолында көрсеткен көмегі үшін Павлодар қаласының жол полициясы қызметкерлеріне шын жүректен алғысымызды білдіреміз. Капитан атағындағы екі полиция қызметкері бұл олардың “…күнделікті жұмысы және мұнда ерекше ештеңе жоқ” деп өздерінің есімдері мен фамилияларын айтпады. Қызметкерлеріңіз үшін үлкен рақмет! Олардың кәсібилігі, жауаптылығы, көмек сұрауға тез жауап беруі бәрімізге үйге аман-есен жетуге көмектесті. Ульяновтар мен Потаповтар отбасы Сізге және Сіздің барлық ұжымыңызға шын жүректен денсаулық, шыдамдылық, төзімділік, күш, өсу, қиын жұмыста сәттілік, халықтың құрметін, әріптестеріңіздің қолдауын және жақын адамдарыңыздың түсіністігін тілейміз, – деп отбасы мүшелері алғысын білдірді.

Белгілі болғандай, жолда көмек көрсеткен қызметкерлер Павлодар облысы ПД патрульдік полиция ротасының қызметкерлері капитан Серік Сәрсенов пен капитан Арғын Қуанов болды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру