Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысында азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін жаңа жоба жүзеге асырылуда

Павлодар облысында азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, құқықтық тәртіпті нығайту бағытында жаңа жоба жүзеге асырылуда, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Атап айтқанда, облыстағы қалалық және аудандық полиция бөлімшелерінің кезекші бөлімдері "Жедел басқару орталығы" үлгісінде заманауи техникамен жабдықталып, аппараттық-бағдарламалық кешендермен толықтырылуда.

Бүгінгі таңда мұндай жедел басқару орталықтары облыстың барлық өңірлерінде жұмыс істеп тұр. Бұл – құқық бұзушылықтардың алдын алу, қылмыспен күрес және қоғамдық қауіпсіздікті сақтау жолындағы маңызды бастама ғана емес, сондай-ақ полиция жұмысының тиімділігін арттырып, тұрғындардың тәртіп сақшыларына деген сенімін нығайтуға бағытталған игі қадам.

Мәселен, Ақтоғай ауданында орнатылған бейнебақылау камераларының көмегімен 115 әкімшілік құқық бұзушылықтың жолы кесілді.

– Мысалы ЖБО операторларының бірі Ақтоғай ауылының тұрғыны қоғамдық орында темекі шегіп, темекі қалдығын жерге тастағанын анықтады. Бұл әрекетке байланысты әкімшілік шара қолданылып, құқық бұзушыға түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Жалпы, бейнекамера орнату – бұл тек бақылау құралы емес, сонымен қатар ауданымызды қауіпсіз, таза әрі тыныш мекенге айналдыруға мүмкіндік беретін тиімді тетік, – дейді Ақтоғай ауданы полиция бөлімінің бастығы Жандос Айтмұхамбетов.

Полиция тұрғындарды қоғамдық орындардағы тәртіпке мұқият қарап, әрбір әрекетке жауапкершілікпен қарауға шақырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру