Павлодар облысында бағдаршамның қызыл түсіне өтіп кеткен жүргізуші жауапқа тартылды
Павлодар облысында бағдаршамның қызыл түсіне өтіп кеткен жүргізуші жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қызыл сигналға өтіп, жүргізуші өз өміріне ғана емес, жол қозғалысына қатысушылардың өміріне де қауіп төндіреді. Бағдаршамның рұқсат беру сигналы жанғанша күту кейбір жүргізушілер үшін қиын болып көрінеді. Сигналдың өзгеруін қадағаламаған тәжірибесіз жүргізушілер де, «мүмкін үлгеріп өтіп кетермін» деп құқық бұзушылыққа жол береді.
– Осы жылы 3029 жүргізуші бағдаршамның тыйым салатын сигналына өтіп кеткені үшін жауапкершілікке тартылды, – деді Павлодар облысы ПД баспасөз қызметі.
Сонымен, Павлодарда Жібек Жолы – Малайсары батыр көшелерінің қиылысында Mersedes автокөлігін жүргізген жүргізуші бағдаршамның қызыл сигналынан өтіп кеткен. Жүргізуші жазаланып, 10 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.