Павлодар облысында балағат сөздер айтқан жасөспірімнің ата-анасы жауапқа тартылды
Павлодар облысында балағат сөздер айтқан жасөспірімнің ата-анасы жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Кәмелетке толмағандардың қатысуымен болатын құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында полиция тұрақты түрде рейдтік іс-шаралар жүргізеді. Жиі жасалатын құқық бұзушылықтардың бірі – кәмелетке толмағандардың белгіленген уақытта үйден тыс жерде болуы. Ата-аналар балалардың түнгі серуендеуі ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін екенін түсінуі керек.
– Жыл басынан бері кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта тұрғын үйден тыс жерде болуының 343 фактісі анықталды. Барлық ата-аналар ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабы бойынша жауапкершілікке тартылды. Түнгі уақытта кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз болуына жол берген ойын-сауық орындарының 27 иесіне қатысты әкімшілік материалдар жасалды, – деп атап өтті Павлодар облысы ПД жергілікті полиция қызметінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Бибігүл Қамзина.
14 жастан 16 жасқа дейінгі жасөспірімдер ұсақ бұзақылық жасағаны үшін, оның ішінде қоғамдық орындарда балағат сөздер айтқаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 435-бабы бойынша жауапкершілікке тартылады және ата-аналарына немесе оларды алмастыратын адамдарға 7 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. 16 жастан асқан кәмелетке толмағандар ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы бойынша сотта материалды қараумен жауапқа тартылады.
Мысалы, облыс аудандарындағы ауылдардың бірінің колледж жатақханасында 15 жастағы кәмелетке толмаған бала вахтерге балағат сөздер айтқан. Осы құқық бұзушылық үшін кәмелетке толмаған баланың ата-анасы ҚР ӘҚБтК-нің 435-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 7 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды. Сондай-ақ кәмелетке толмағандармен және оның заңды өкілдерімен алдын алу әңгімесі жүргізілді.
Полицейлер қиындықтарды болдырмау үшін балалардың режимді сақтауын және түнде үйде болуын қамтамасыз ету керек екенін еске салады