Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысында бейнебақылаудың көмегімен құқық бұзушылықтар анықталып жатыр

Павлодар облысында бейнебақылаудың көмегімен құқық бұзушылықтар анықталып жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Орнатылған бейнебақылау камералары – қылмыс және құқық бұзушылықпен күресте полицияға үлкен көмек. Жедел басқару орталығында бірнеше монитор орнатылған. Мұнда отырып Павлодардың кез келген бұрышын бақылауға, кез келген көшеге, кез келген қиылысқа көз салуға болады. Бүкіл қала алақандағыдай көрініп, автокөліктерді, жолаушылар мен жүргіншілерді анық байқауға мүмкіндік бар.

Бүгінде облыс орталығында 117-ден астам бейнебақылау камерасы орнатылған, ал биыл қосымша үш мың қоғамдық бейнебақылау камерасы орнатылып, жұмысын бастады, – деп мәлімдейді Павлодар облысының ПД.

Шын мәнінде, бейнежазбаның болуы – талассыз дәлел ғана емес, сонымен қатар қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алудың тиімді шарасы. Жыл басынан бері бейнебақылау камераларының көмегімен 135 қылмыс ашылып, 27 мыңнан астам құқық бұзушылық тіркелді. Қоқыс тастау, қауіпсіздік белдігін тақпау, рұқсат етілмеген жерде автокөлікті қою немесе бағдаршамның тыйым салынған белгісіне өту сияқты фактілер бар.

Полиция қызметкерлері азаматтарға заңды бұзбауды еске салады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру