Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысында белгіленбеген жерден өткен 4 мыңға жуық жаяу жүргінші анықталды

Павлодар облысында белгіленбеген жерден өткен төрт мыңға жуық жаяу жүргінші анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

– Павлодарда Камзин көшесімен 34 жасар павлодарлық өзінің тоғыз жасар ұлымен жолды белгіленбеген жерден кесіп өтті, бірақ жақын жерде жаяу жүргінші өтпесі болған. Павлодар қаласының тұрғыны ҚР ӘҚБК 615-бабы бойынша жауапкершілікке тартылды. 2 АЕК айыппұл салынды. 2021 жылдың басынан бері жолдың жүру бөлігін белгіленбеген жерден кесіп өткені үшін облыстың 3 834 тұрғыны жауапкершілікке тартылды, – деді брифингте Павлодар облысы Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Ғалым Сарғұлов.

Айта кету керек, құқық бұзушылыққа қарсы күресте жолдан өту тәртібін бұзу «көшбасшылардың» бірі болып табылады. Полицейлер тұрғындардың назарын Жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға және ережелер барлығына бірдей екенін ұмытпауға аударады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру