Павлодар облысында білім беру ұйымдарының қауіпсіздік мәселелері талқыланды
Павлодар облысында білім беру ұйымдарының қауіпсіздік мәселелері талқыланды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Павлодар облысы полиция департаментінің қызметкерлері өңірдегі білім беру ұйымдарының және жеке күзет ұйымдарының өкілдерімен жұмыс кездесуын өткізді.
Кездесу барысында қатысушыларға білім беру ұйымдарында күзет қызметтерін сатып алуға арналған үлгілік конкурстық құжаттаманың жаңа талаптары, сондай-ақ алдағы оқу жылында білім беру нысандарының қауіпсіздігін тиісті деңгейде қамтамасыз ету мәселелері түсіндірілді.
Қауіпсіздік қызметтерін сатып алу бойынша тендерлік рәсімдерді ұйымдастыру және өткізу, конкурстарға қатысу талаптары, білім беру мекемелерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қойылатын шарттарға ерекше назар аударылды.
Кездесу барысында құқық қорғау органдарының қызметкерлері қатысушыларды қызықтырған сұрақтарға жауап беріп, білім беру мекемелері мен жеке күзет құрылымдарының өзара іс-қимылының практикалық мәселелерін талқылады.
Полиция департаменті білім беру мекемелерімен тұрақты байланыс орнатып, қауіпсіздікке қатысты кез келген мәселелерді шешуде қажетті қолдау мен көмек көрсетуге дайын.
– Мұндай іс-шаралар мектепке дейінгі және білім беру ұйымдарындағы қауіпсіздік деңгейін арттыруға, сондай-ақ мектептерді қорғауды қамтамасыз етуге бірыңғай тәсілдерді қалыптастыруға ықпал етеді, – деп санайды полицейлер.
