Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысында бірнеше рет алаяқтық жасаған күдікті ұсталды

Павлодар облысында бірнеше рет алаяқтық жасаған күдікті ұсталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Павлодар облысының киберполиция қызметкерлері бірнеше рет алаяқтық жасады деген күдікпен жергілікті тұрғынды анықтап, ұстады.

Ер адам өзін тұрмыстық және компьютерлік техниканы жөндейтін шебер ретінде таныстырып, азаматтардан телефон, гаджет және түрлі құрылғыларды қабылдап отырған. Алайда уәде етілген жөндеу қызметін көрсетудің орнына, ол алынған мүлікті ломбардқа өткізіп, ақшаны жеке қажетіне жұмсаған. Қазіргі уақытта оның осындай сегіз қылмысқа қатысы бар екені анықталды.

– Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде, – деп хабарлады Павлодар облысы полиция департаментінің киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Асхат Әбетжанов.

Полиция қызметкерлері азаматтарды қырағылық танытуға, күмән тудыратын қызмет түрлеріне сенбеуге және бейтаныс адамдарға ақша, мүлік немесе жеке деректерді бермеуге шақырады.

Егер сіз алаяқтардың құрбаны болсаңыз, дереу 102 нөмірі арқылы немесе "Police 102" мобильді қосымшасы арқылы полицияға хабарласыңыз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру