Павлодар облысында бірнеше ұрлыққа қатысы бар күдікті ұсталды
Павлодар облысында бірнеше ұрлыққа қатысы бар күдікті ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Павлодар полицейлері аймақтағы ауылдық мешіттерден ұрлық жасады деген күдіктіні анықтап, ұстады. Ер адам 2023 жылдың наурыз-мамыр айлары аралығында 4 ұрлық жасады деген күдікке ілінген. Мәселен, наурыз айында Тереңкөл ауданының Қызылтан ауылында оның әрекетін ешкім бақыламайтынын пайдаланып, еркін қол жеткізу жолымен 140 мың теңге сомасында ақша қаражатын ұрлаған. Басқа жағдайда, Тереңкөл ауданы Байқоңыр ауылындағы мешітте сейфтің металл есігін бұзып, 300 мың теңге сомасында ақша қаражатын (қайырымдылық) ұрлады.
Күдікті диструктивті-радикалды ағымның жақтаушысы болып табылатын Қарағанды облысының 27 жастағы тұрғыны. Полиция күдіктінің 2021 жылы ұрлық жасағаны үшін үш жылға бас бостандығын шектеу үшін сотталғаны анықтады. Ұрлық жасаған күндері ер адам пробация органдарына ескертусіз аймақтан шығып кеткен.
– Барлық фактілер бойынша Қазақстан Республикасы ҚК-нің 188-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Тергеу барысында ер адамның басқа да осыған ұқсас қылмысқа қатысы бар-жоғы тексеріледі. Күдікті тергеу изоляторына қамалды, – деді Павлодар облысы ПД бастығының орынбасары Болат Нұрсеиітов.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы қылмыстық іс жүргізу кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне бойынша адам өзінің кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен танылғанға дейін қылмыс жасағаны үшін кінәсіз деп есептеледі.