Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысында биыл 800-ге жуық мас жүргізуші жауапқа тартылды

Павлодар облысында биыл 800-ге жуық мас жүргізуші жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Павлодар облысының полиция департаменті жүргізушілерге жаяу жүргіншілер өткелі алдында жылдамдықты төмендету қажеттігін еске салады. Жол қозғалысына қатысушылардың ең көп және ең осал тобы – жаяу жүргіншілер.

– Осы жылы Павлодар өңірінің аумағында 397 жол-көлік оқиғасы тіркелді, онда 29 адам қаза тауып, 487 адам зардап шекті. Облыс трассаларында 48 ЖКО тіркелді, соның салдарынан 11 адам қаза тауып, 67 адам жарақат алды. Жол қауіпсіздігін әртүрлі бұзғаны үшін 66572 құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде 768 жүргізуші мас күйінде көлік құралдарын жүргізгені үшін. Сотпен 595 жүргізуші көлік құралдарын жүргізу құқығынан айырылды, 870 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынды, – дейді Павлодар облысы ПД баспасөз қызметі.

Жүргізушілерде айтылатын оқиғаның жалпы себебі – “байқамадым”. Жол жүру ережелеріне сәйкес, белгіленген қозғалыс жылдамдығынан асқан көлік құралының жүргізушісі жол қозғалысына қатысушылардың барлығының өмірі мен денсаулығына қауіп төндіреді. Тек осы жылы 29 349 жүргізуші жазаланды.

Жүргізушілердің жол жүру ережелерін бұзуына байланысты болатын апаттар санын азайту, егер жүргізушілер жаяу жүргіншілер өткеліне дейін жылдамдықты алдын ала төмендетсе ғана мүмкін болады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру