Павлодар облысында биыл қоғамдық орындарда мас күйде жүрген 6500-ге жуық тұрғын анықталды
Павлодар облысында осы жылы өңірде азаматтардың алкогольді тұтынуы немесе қоғамдық орындарда мас күйде жүруінің 6500-ге жуық фактісінің жолы кесілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Алкоголь – денсаулыққа, отбасына, тәртіпке жау және денсаулықты ғана емес, адамдар арасындағы тығыз қарым-қатынасты да бұзады, сонымен қатар адамды заңсыз әрекеттерді жасауға итермелеуі мүмкін. Сондықтан, көшеде мас адамдарды байқап, азаматтар полицияға жүгінген кезде бұл өте дұрыс. Құқық бұзушылықтардың, қылмыстар мен жазатайым оқиғалардың едәуір бөлігі алкогольдің әсерінен жасалады.
– Мысалы, Академик Бектұров көшесіндегі үйдің жанында мас адам бар екенін хабарлаған әйел полицияға қоңырау шалды. Ол қиындықтардан аулақ болу және ойнап жүрген балаларды қорғау үшін көмек сұрауға шешім қабылдады. Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері аулада бір бөтелке алкогольмен серуендеп жүрген адамды ұстап алды. Ол уақытша бейімдеу және детоксикация орталығына жеткізілді, онда медициналық куәландыру алкогольдік мас күйін растады. Павлодарлық әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Әйтеуір, бұл жағдайда ешқандай оқиға болған жоқ, – деді Павлодар облысы ПД жергілікті полиция қызметінің бастығы Қуаныш Мұстафинов.
Сол күні Академик Шоқин көшесінің тұрғындарынан: «кіреберістің жанында мас адамдар төбелескелі жатыр» деген қоңырау түсті. Полицейлердің келуінің арқасында төбелеске жол берілмеді. Қоғамдық тәртіпті бұзушыларда мас болу расталды, олар қоғамдық орында мас күйінде болғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Өңір тұрғындарына қоғамдық орындарда спирттік ішімдіктер ішкені үшін 5 АЕК мөлшерінде айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілік көзделгенін, бір жыл ішінде қайталап бұзылған жағдайда – 10 АЕК екенін еске сала кету артық болмас.