Павлодар облысында «Болашаққа есірткісіз!» спорттық эстафетасы өтті
Ертіс ауданында жыл сайынғы балалар мен жасөспірімдер арасындағы «Болашаққа есірткісіз!» спорттық эстафетасы өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы ұйымдастырған іс-шараға өмірлік қиын жағдайға тап болған балаларды қолдау өңірлік орталығының тәрбиеленушілері қатысты.
– Мақсат – балаларды жағымсыз ортадан қорғау және олардың айналасында дене шынықтыру мен спортпен шұғылдануға жағдай жасау. Бұл жас ұрпақты тәрбиелеу үшін қажет. Осылайша біз жастарға болашаққа дұрыс бағдарларды анықтауға көмектесеміз, – деп атап өтті Ертіс ауданды полиция бөлімі бастығының орынбасары Марат Баймұрынов.
Балаларға тосын сый жасалды, 30-дан астам қыз бен ұл Ертіс өзені бойынша пароммен шағын сапарға шықты. Балалар үшін қызықты викториналар ұйымдастырылды, аудан орталығы туралы кейбір фактілер айтылды, сондай-ақ оларға тәтті сыйлықтар таратылды.
– Біз балаларға мереке ұйымдастырдық және өзіміз көптеген жағымды эмоция мен позитив алдық. Балалар – біздің болашағымыз. Балаларға арналған мұндай іс-шаралар жаман әдеттерсіз салауатты өмір салтына тамаша мотивация болады, – деді полиция қызметкері Ирина Тимиргалиева.