Павлодар облысында борышкер жүргізушілерден 22 млн теңге өндірілді
Павлодар облысында «Борышкер» ЖПІШ барысында борышкерлерден 22 млн теңгеден астам қаражат өндірілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жол ережесін бұзғаны үшін әкімшілік айыппұлдарды өндіріп алудың тиімділігін арттыру, сондай-ақ құқық бұзушылар арасында орындалмаған жаза үшін жазаның бұлтартпаушылық қағидатын сақтау мақсатында өңір аумағында «Борышкер» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді.
– Жүргізілген жұмыс нәтижесінде борышкер жүргізушілерден 22 млн теңгеден астам қаржы өндірілді. «Кибер-Шериф» аппараттық-бағдарламалық кешені мен «Қорғау» жүйесін қолдана отырып, жүргізушілердің қарыздары болған 155 көлік құралы анықталды. Жүргізушілері айыппұл төлеуді елемеген 9 автокөлік арнайы тұраққа қойылды, – деді Павлодар облысы ПД әкімшілік полициясының бастығы Борис Әлімбаев.
Мысалы, тәртіп сақшылары Lada Granta көлігін айыппұл тұрағына қойды, оның иесі 200 мың теңгеден астам айыппұл төлемеген және иесіне 400 мың теңгеден астам айыппұл салынған Jaguar CCX көлік де айып тұрағына қойылды. Енді иелері қарыздарын толық өтегеннен кейін ғана көліктерін ала алады.
Полиция департаменті азаматтардан әкімшілік айыппұлдардың бар-жоғын тексеруді және осындай жағдайларды болдырмау үшін заңда белгіленген мерзімде бар қарыздарын өтеуді сұрайды.