Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысында борышкерлер 377 млн теңге айыппұл төлейді

Павлодар облысында борышкерлер 377 млн теңге айыппұл төлейді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

28 наурыздан бастап Павлодар облысы Полиция департаменті мен арнайы топ құрамына кірген полиция, прокуратура, салық органдары қызметкерлері мен сот орындаушылары бастаған «Борышкер» жедел алдын алу іс-шарасы аймақ бойынша рейдтік шолулар өткізуде. Борышкерлердің пәтерлерін аралау жүзеге асырылады.

– Алдын алу іс-шарасының басты мақсаты – әкімшілік айыппұлдарды төлемейтін борышкерлерді анықтап, әрекет ету. 25 наурызға дейін іс-шараның нәтижесі бойынша Полиция департаменті бөлімшелері борышкерлерге салынған айыппұлдың жалпы соммасы – 377 млн теңгеден астам, – деді Павлодар облысы Полиция департаменті Әкімшілік полиция басқармасының басшысы Борис Әлімбаев.

Полицейлер төлемеген айыппұлдарды «eGov mobile» қосымшасы арқылы тексеруге болатынын атап өтті. Алдын алу іс-шарасы 31 наурызға дейін жалғасады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру