Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысында борышкерлерден 11 млн теңгеден астам айыппұл өндірілді

Павлодар облысында борышкерлерден 11 млн теңгеден астам айыппұл өндірілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Деректер базасы бойынша көлік ағынында полицейлер айыппұлдар бойынша берешегі бар көліктерді анықтады.

Рейдтік іс-шаралар тек жолдарда ғана емес, сондай-ақ борышкерлердің тұрғылықты жері бойынша да өткізіліп, төленбеген айыппұлдың бар екендігі туралы хабарламалар табысталды. Автокөлік иелерімен профилактикалық әңгіме жүргізілді.

Екі күн ішінде 11 млн теңгеден астам сомаға әкімшілік айыппұл өндірілді.

– Мысалы, облыс аудандарының бірінде құқық бұзушы мас күйінде көлік құралын жүргізгені үшін сот тағайындаған 800 мың теңгеге жуық айыппұл төледі. Павлодар қаласында Н. Назарбаев даңғылында Lexus автокөлігі тоқтатылды. Деректер базасы бойынша тексеру кезінде авто иесінің 200 мың теңгеден астам сомаға алты төленбеген айыппұлы бар екені анықталды. Борышкердің автокөлігі айыппұл тұрағына қойылды. Иесі қарызды толық төлеп болған соң, көлігін қайтарып ала алады, – деді Павлодар облысы ПД әкімшілік полиция басқармасының бастығы Борис Әлімбаев.

ЖПШ барысында полиция заманауи технологиялар қолданады. «Кибер-Шериф» аппараттық-бағдарламалық кешенін және «Қорғау» жүйесін пайдалана отырып, әкімшілік айыппұлдар бойынша борышкерлер жүргізген 541 көлік құралы анықталды. Оның ішінде 20 көлік арнайы тұраққа қойылды. 200 мың теңгеден астам айыппұлы бар жүргізушінің автокөлігі де тұраққа жеткізілді.

Павлодар облысының полиция департаменті жол жүру ережелерін бұзбауды, ал заң бұзушылықтар болған жағдайда заңда белгіленген мерзімде айыппұл төлеу жөнінде ескертеді. 

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру