Павлодар облысында борышкерлердің 17 көлігі айыппұл тұрағына қойылды
Павлодар облысында борышкерлердің 17 көлігі айыппұл тұрағына қойылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Павлодар облысының полиция департаменті алимент төлемейтіндердің орналасқан жерін анықтау жұмыстарына ерекше назар аударады. Кәмелетке толмаған балаларының алдында алимент бойынша берешегі бар ата-аналардың орналасқан жерін анықтау бойынша рейдтік іс-шаралар тұрақты негізде жүргізіледі.
– Құқықтық тәртіп сақшылары қабылдаған шаралардың нәтижесінде алимент төлеуден жалтарған 96 адам анықталды. Борышкерлердің 17 көлігі айыппұл тұрақтарына қойылды, – деді Павлодар облысы ПД көші-қон қызметі басқармасының бастығы Дәулет Ысқақов.
Мысалы, полицейлер 2013 жылдан бастап сот шешімі бойынша кәмелетке толмаған баланы асырап-бағуға қаражат төлеу міндетін атқармайтын ер адамның орналасқан жерін анықтады. Ер адамның 4 млн теңге қарызы бар. Алимент төлемейтін ер адамдар ғана емес, балаларының тағдырына қызығушылық танытпайтын немқұрайлы аналар да бар. Мәселен, полицейлер облыс орталығының іздеуде жүрген 27 жастағы тұрғынының орналасқан жерін анықтады. Ол да өз баласына 4 млн теңгеге жуық қарыз.
Тұрғындардың назарына! Іздестіруге соттың жауапкерді іздестіру туралы ұйғарымы негіз болады және ол талап қоюшының (негізінен әйелдер) пайымдауынша, іздеушінің емес, талапкердің тұрғылықты жері бойынша полиция органында тіркеледі. Мұнда жауапкерді анықтау керек екенін түсіну керек, бұл одан төленбеген соманы өндіріп алуды білдірмейді. Полицияның өкілеттігі іздеушінің орналасқан жерін анықтаумен және оның сот орындаушысына келу міндеттемесімен аяқталады. Өндіріп алуды сот органдары жүргізеді. Егер көші-қон қызметі бір ай ішінде алимент алушының орналасқан жерін анықтай алмаған жағдайда, онда өндіріп алушының талабы бойынша тиісті құжат беріледі. Оның негізінде әлеуметтік қамсыздандыру органдары борышкерді іздестіру кезеңінде балаларды күтіп-бағуға уақытша жәрдемақы төлейді.