Павлодар облысында бұрын сотталғандар жасаған қылмыстық құқық бұзушылық саны 7%-ға азайды
Павлодар облысында бұрын сотталған адамдар жасаған қылмыстық құқық бұзушылық саны 7%-ға азайды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Екібастұз қаласының полицейлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында ұрлық жасаған күдіктіні анықтап, ұстады. Дүкенде төлем жасау үшін 30 жастағы бұрын сотталған қала тұрғыны біреудің жоғалтып алған банктік картасын пайдаланған. Күдікті 20 мың теңгеден астам қаражат жұмсаған. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.
Айта кету керек, жұмыстың сервистік үлгісі аясында полицейлер жүргізетін профилактикалық жұмыстың оң нәтижелері бар.
– Бүгінгі күні бұрын сотталған азаматтар жасаған қылмыстық құқық бұзушылықтардың 7%-ға төмендегені байқалады. Бұған аталған адамдардың тұрғылықты жері бойынша тексерулер, әкімшілік учаскелерді аралау, профилактикалық әңгімелесулер, сондай-ақ халықпен тығыз өзара іс-қимыл жасау ықпал етеді. Мысалы, ПИК өкілдерінің, WhatsApp мессенджеріндегі үйлер мен учаскелік полиция инспекторларының жалпы топтары құрылды. Онда азаматтар күдік тудырған кез келген фактілер және оның ішінде мінез-құлқы да сенім тудырмайтын жаңа тұрғындар туралы хабарлайды, – деп түсіндірді Павлодар облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.