Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысында "Дәрмек" ЖПІШ қорытындысы шығарылды

Павлодар облысында "Дәрмек" жедел-профилактикалық іс-шарасының қорытындысы шығарылды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Павлодар облысында "Дәрмек" жедел-профилактикалық іс-шарасы аяқталды. Іс-шараның басты мақсаты – есірткі құралдары, психотроптық және улы заттармен жұмыс істеу қағидаларын, фармацевтикалық қызмет қағидаларын және есірткі айналымы саласындағы үй-жайларға қойылатын талаптарды бұзушылықтарды анықтау.

Іс-шара барысында полиция қызметкерлері бақылаудағы заттардың айналымы саласында 4 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады. Олардың ішінде 2 жағдай дәріханаларда дәрі-дәрмектерді рецептсіз сату, есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымы саласындағы объектілер мен үй-жайлардың техникалық нығаюы талаптарының бұзылуы, сондай-ақ заңсыз фармацевтикалық қызмет көрсету дерегі бар.

Рейдтік іс-шаралар барысында есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімшелерінің қызметкерлері Павлодар қаласындағы дәріханалардың бірінде күшті әсер ететін психотроптық дәрі-дәрмекті рецептсіз сату фактісін тіркеді. Қызметкерлердің әрекеттеріне қатысты әкімшілік құқық бұзушылықтың құрамы анықталып, материалдар Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетіне жіберілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру