Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысында екі оқушы тұрғынның шөбін өртеп жіберді

Павлодар облысында екі оқушы тұрғынның шөбін өртеп жіберді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

1 қарашада Павлодар ауданындағы ауылдардың бірінде тұрғынның шөбі өртенді. Тергеу анықтағандай, екі бала – мектептің 2 және 3 сынып оқушылары ойнауға бел буған. Ойын кезінде бір үйдің ауласында абайсызда шөпті өртеген. Сіріңкемен ойнаудың салдарынан 12 шөп арбасы жанып кетті. Келтірілген шығын көлемі 720 мың теңгені құрады.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 202-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Полицейлер балалардың келтірген залалын олардың заңды өкілдері өтейтін болатынын атап өтті.

Айта кетейік, биыл павлодарлық полицейлер бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру бойынша 15 фактіні тексерді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру