Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысында есепте тұрған 53 адам жауапқа тартылды

Павлодар облысында есепте тұрған 53 адам бұзушылықтар үшін жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

– 2021 жылғы 23 сәуірде Ақтоғай ауданының пробация қызметінде есепте тұрған адамды тексеру кезінде Павлодар облысы Ақтоғай ауылында ер адамның өз үйінде мас күйінде болған кезінде әйелімен жанжал шығарғаны анықталды. Оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 73-бабы 1-бөлігі (Отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер) бойынша әкімшілік іс қозғалды, қорғау ұйғарымы шығарылды, сондай-ақ сотқа ерекше талап белгілеу туралы өтініш жіберілді, – деді Павлодар облысы ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Ғалым Сарғұлов.

Ағымдағы жылдың 23-25 сәуір аралығында есепке алынған адамдар тарапынан қайталама қылмыстарды болдырмау мақсатында Павлодар облысының аумағында «Шартты түрде айыпталушы» жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілді.

Осы кезеңде учаскелік полиция инспекторлары Павлодар облысы бойынша ҚАЖД пробация қызметінің инспекторларымен сағат 23:00-ден кейін түнгі тексерулер жүзеге асырылды. Сот белгілеген шектеулерге сәйкес, есепке алынған адамдар үйлерінде болуы міндетті.

Іс-шара қорытындысы бойынша 2264 есепке алынған адам тексерілді, түрлі құқық бұзушылықтар үшін 53 есепке алынған адам әкімшілік жауапқа тартылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру