Павлодар облысында есепте тұрған 776 тұрғын мекенжайы бойынша тексерілді
Павлодар облысында полицейлер отбасылық жанжал шығарушыларға 95 қорғау нұсқамасын шығарды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Павлодар облысы ПД қызметкерлері отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу және жолын кесуге бағытталған жедел-профилактикалық іс-шараның қорытындысын шығарды.
– Өңірде небәрі үш күннің ішінде тұрғылықты мекенжайлары бойынша 776 есепте тұрған тұлға тексерілді. Тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілері бойынша 85 қорғау нұсқамасы шығарылып, сотпен құқық бұзушының мінез-құлқына қатысты алкогольдік ішімдік ішуге тыйым салу түріндегі 38 ерекше талап белгіленді. Әртүрлі құқық бұзушылықтар үшін 173-тен астам азамат жауапкершілікке тартылды, – деп хабарлады Павлодар облысы ПД қоғамдық қауіпсіздік басқармасының бастығы Азамат Күркебаев.
Мәселен, полицияға ауыл тұрғыны күйеуінің қорғау нұсқамасына қарамастан, алкогольдік мас күйде жанжал шығарып, жұбайына балағат сөздер айтқаны жөнінде шағымданған. Әкімшілік соттың шешімімен ер адамға 20 тәулікке әкімшілік қамау түріндегі жаза тағайындалды.
Айта кету керек, жыл басынан бері сенім телефонына тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілері бойынша 154 әйел жүгінген. Заң бұзушыларға қатысты тиісті шаралар қабылданды.
