Павлодар облысында есірткіге қарсы күрес үздіксіз жүріп жатыр
Павлодар облысында есірткіге қарсы күрес үздіксіз жүріп жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Павлодар облысында нашақорлыққа қарсы күрес негізгі үш бағыт бойынша жүргізіледі. Заңсыз айналымды және есірткіге қол жеткізуді қысқарту, қоғамда тыйым салынған заттарды заңсыз қолдануға және олардың заңсыз айналымда қатысуына саналы теріс көзқарасты қалыптастыру, сондай-ақ есрткі құралдарын заңсыз қолданудың ауыр салдарын төмендету.
Өткен жылы қолданған шараның нәтижесі өңір аумағында 241 есірткі құқық бұзушылығын анықтау болды.
– Жалпы алғанда 116 сату фактісі, аса ірі көлемде сақтаудың – 7 фактісі, құрамында есірткі бар өсімдіктерді өсірудің – 5 фактісі, есірткі заттарын заңсыз насихаттау және жарнамалаудың – 3 фактісі ашылып, ұйымдасқан қылмыстық топтың әрекеті тоқтатылды. Сондай-ақ 892 хаттама толтырылды, – деп мәлімдеді Павлодар облысы ПД бастығынын бірінші орынбасары Болат Нұрсейітов.
Заңсыз айналымнан 455 келі есірткі заты алынып, оның 58 келісі синтетикалық есірткі екені анықталды. Есірткі сататын 3 интернет дүкен, есірткі және психотропты заттарды жеткізетін 12 арнаның жолы кесілді.
Халықты есірткі заттарының заңсыз айналымы саласында заңға қайшы әрекеттерге және оны қолдануға тартатын проесірткі контенттерді анықтау және бұғаттау бойынша кешенді іс-шара жүргізілді. 2025 жылы тыйым салынған ақпаратты тарататын 2020 онлайн-ресурс бұғатталды.
Нашақорлыққа және есірткіні сатуға қарсы күреске есірткі құқық бұзушылығының алдын алу кеңесі мүшелері және волонтерлер мен қоғамдық ұйымдардың белсенді адамдары зор үлес қосып жатыр.
Бір жыл ішінде олардың қатысуымен ақпарттық сипаттағы 252 профилактикалық іс-шара, қабырға есірткі жарнамасын, сондай-ақ ойын-сауық орындарында жарнаманы жою бойынша 54 рейдтік іс-шара жүргізілді.
Полиция есірткі қылмысы және балалар мен жастарды тыйым салынған заттардың заңсыз айналымына тартудан қорғау бойынша профилактикалық жұмысты жалғастырып жатыр.
