Павлодар облысында есірткіге қарсы рейд өтті
Павлодар облысында есірткіге қарсы рейд өтті, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Павлодар облысында полицейлер автокөлік жүргізушілерін есірткіні пайдалану және тасымалдау деректері бойынша тексеру мақсатында рейд жүргізді.
Шараны облыстық ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы, кинологиялық қызмет орталығы және Железин аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері бірлесіп ұйымдастырды.
– Рейд "Қарасора-2025" жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында өткізілді. Оның мақсаты – қоғамдық тәртіп пен жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, есірткінің заңсыз айналымына тосқауыл қою, сондай-ақ есірткілік мас күйінде көлік жүргізу фактілерін болдырмау, – деп атап өтті Павлодар облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Арсен Айғазин.
Тексеру барысында 70-тен астам автокөлік тоқтатылып, жүргізушілерден түсініктеме алынды. Әрбір жүргізушімен профилактикалық әңгіме жүргізіліп, полицейлер оларға тек алкогольдік ішімдікпен көлік жүргізу ғана емес, есірткінің заңсыз айналымына қатысу да қылмыстық жауапкершілікке әкелетінін түсіндірді.