Павлодар облысында "Есірткіге жол жоқ" акциясы өтті
Павлодар облысында "Есірткіге жол жоқ" акциясы өтті, - деп хабарлайды Polisia.kz.
"Заң және тәртіп" республикалық акциясы аясында Шарбақты ауданында есірткіге қарсы кең ауқымды профилактикалық іс-шара ұйымдастырылды. Аудандық полиция бөлімі, прокуратура және "Қахарман жастары" жастар ресурстық орталығының бастамасымен өткен бұл шараның басты мақсаты — жастар арасында есірткінің таралуы мен қолдануының алдын алу.
Акцияға мектеп оқушылары мен белсенді жастар белсене қатысып, көшеде жүрген тұрғындарға ақпараттық парақшалар таратты. Олар есірткінің зиянды әсері туралы айтып, салауатты өмір салтына шақырды. Жастармен еркін форматтағы ашық әңгіме барысында зиянды әдеттерден бойды аулақ ұстап, дұрыс таңдау жасауға үндейтін саналы көзқарас қалыптастыруға баса назар аударылды.
Ұйымдастырушылар мұндай іс-шаралардың жастарды әлеуметтік жағынан пайдалы бастамаларға тарту арқылы нашақорлықпен күрестегі тиімді құрал екенін атап өтті.
— Жастар — елдің ертеңі. Біз оларға қауіпсіз әрі салауатты орта қалыптастыруымыз қажет. Есірткісіз өмір — табысқа, бақыт пен қауіпсіздікке бастар жол, — деді Ертіс өңірінің полиция қызметкерлері.
Бұл бастама — қоғамның болашағы саналатын жастарды жаман әдеттерден қорғауға бағытталған маңызды қадам.