Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысында интернет-алаяқтық фактісі бойынша 228 қылмыстық іс қозғалды

Павлодар облысында интернет-алаяқтық фактісі бойынша 228 қылмыстық іс қозғалды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында Павлодар облысы Полиция департаментінің құрылымында өткен жылдың сәуір айында киберқылмыспен күрес бөлімі құрылды. Павлодар қаласының ПБ базасында облыс аумағында жасалған барлық алаяқтықтарды ашумен және тергеумен айналысатын тұрақты жұмыс істейтін мамандандырылған тергеу-жедел тобы жұмысын бастаған.

– Киберқылмыс қарапайым қылмысқа тең келеді, ол виртуалды кеңістікте ғана жасалады, ал шығындар, өкінішке орай, іс жүзінде анықталады. Мәселен, биыл Павлодар облысында интернет-алаяқтық фактісі бойынша 228 қылмыстық іс қозғалды. Оның 135-і өндіріспен аяқталып, сотқа жіберілді, – деді Павлодар облысы Полиция департаментінің бастығы Василий Скляр.

Аймақтағы алаяқтықтың ең көп таралған түрі – пәтерді жалға беру туралы жалған хабарландырулар. Ондаған азаматтар осындай алаяқтықтың құрбаны болды. Алдымен алаяқтар бірден бірнеше аккаунт жасайды, онда тиімді ұсыныстар жарияланады. Сонымен қатар, олар өздерін жақсы ауданда орналасқан пәтер иелері ретінде көрсетеді. Мұның бәрі түрлі-түсті фотосуреттермен қамтамасыз етіледі және тартымды баға белгіленеді.

Бұл тұрғын үй ұзақ мерзімге, тек отбасылық және сол сияқты басқа да себептермен берілетіндігімен негізделуі мүмкін. Пәтерді жалға алу керек адам дереу осы жарнамаға қызығушылық танытып, «пәтер иелерімен» байланысады. Алаяқтардың айтуынша, көптеген адамдар бұндай жарнамаға қызығушылық танытады және егер қоңырау шалушы пәтерді жалға алғысы келсе, онда ол ай сайынғы төлемнің үштен бірін, жартысын немесе басқа бөлігін аударуы керек.

Ақшалай қаражатты алғаннан кейін олар әдеттегідей, көзден таса болады.

– Бұл жағдайларда ең маңызды ереже: алдын ала төлем жасамау. Сондай-ақ, клиент «пәтер иесінің» аккаунты мүлдем жаңа екендігін де ескеруі керек. Әр адам білім деңгейіне, жасына немесе жынысына қарамастан, алаяқтардың айла-амалдарына түсе алады. Сондықтан бәріне қырағы болу керек. Егер сіз бір жерде бірдеңе дұрыс еместігін сезіп тұрсаңыз, онда ол солай болуы мүмкін. Екі рет тексеріп, үш рет қайта оқып шығыңыз. Сіз алаяқтардың қармағына тап болсаңыз, дереу полицияға хабарласыңыз, – деді ПБ басшысы.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру